Елордада карантин талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтанда карантин режимін сақтау бойынша рейдтер жалғасуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мобильді топ 12 және 13 қыркүйекте Алматы ауданында 20 ШОБ субъектісін тексеріп, 4 карантин талаптарын бұзған нысан анықтады; Байқоңыр ауданында 18 ШОБ субъектісі тексеріліп, 9 бұзушылық анықталды; Есіл ауданында 16 ШОБ субъектісі тексеріліп, 7 бұзушылық анықталды; Сарыарқа ауданында 16 нысан тексеріліп, 4 бұзушылық анықталды.

14 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзуға жол берген адамдарға қатысты 1080 материал келіп түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша талап бұзушылықтар) 469 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.