ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қаулысы төмендегідей

***

Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау және экономикалық, әлеуметтік және саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.

2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының                        Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 қыркүйек

№ 414