Жаңа жағдайдағы экономикалық даму

Ұзаққа созылған мұнай дәуірі аяқталды. Сондықтан әлемдік нарықтың мүлде жаңа ахуалына дайын болу керек. Әртараптандырылған және технологияға негізделген экономика құру – жай қажеттілік қана емес. Біз үшін бұдан басқа жол жоқ. Сонымен қатар, экономика халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы керек.

Ұлттық табыстың өсімінен түсетін игіліктерді әділ бөлу, тиімді әлеуметтік «лифтілерді» орнықтыру жөніндегі қоғамның өткір талабы міндетті түрде орындалуы тиіс. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауда атап өткен басым-бағыттарының бірі.

Рас, бүгінде әлемдік нарықта қара алтынға деген бағаның төмендеуі көптеген елдердің экономикалық дамуын тежеп отыр. Не істемек керек? Әсіресе біз секілді мұнайға тәуелді мемлекеттердің ендігі жағдайы қандай болмақ?

Толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Азамат Жомартұлы.