Сүт безі қатерлі ісігінің алдын-алу жолдары мен емдеу шаралары

«Бірінші байлық» хабарында Нұр-Сұлтан қаласындағы Көпсалалы медициналық орталығы директорының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер, мамолог Бақтыбай Сейітқадырұлы Оразбеков қонақта болды. 

Хабарда әйелдер сүт безі қатерлі ісігі, оның алдын-алу жолдары мен емдеу шаралары жайында айтылды. Бақтыбай мырзаның айтуынша, көптеген науқастар дәрігерге ісіктің айқын белгілерімен келеді. Бұл ауруды әрі қарай емдеуге қиындық туғызады. Бұған себеп ерте диагностикалаудың маңызын түсінбеуде. Сол себепті 2 жылда 1 рет скрининг өтіп тұру қажет дейді.

Сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабардың редакторы: Ғалия Есқұлова.