Нұрсұлтан Назарбаев Түркістандағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында жазды.


Түркістан қаласынан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сай етіп салынған.