Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті

Мемлекет басшысы өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

Президент Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтынын қадам айтты. Бұл ретте Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Яғни, жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жолға қойылып келеді. Олай болса дәл осы жұмыстармен айналысып, бұл бағытта бар күш-жігерін аямай еңбек етіп жүрген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева сұхбаттасқан едік.

Сұхбатты толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар!

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.