Елімізде кинофестивальдер қаржыландырылмайды

Ұлттық киноны қолдау орталығы қазақстандық кинематографистерге халықаралық кино сарапшы Алессандра Пасторенің қатысуымен 14-15 қазан күндері уоркшоп өткізеді. Алессандра Пасторенің аталған уоркшоп туралы, оған кімдер қатыса алады, мақсаты және қазақ киносына қатысты пікірі эфир барысында берілді.

Қазақ радиосының «FILMFAN» хабарына кинотанушы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, киносыншы Ержан Жұмабек және кинорежиссер Рақымжан Қалдыкөз тікелей байланысқа шығып, бүгінгі отандық және халықаралық кинофестивальдердің маңызы мен ерекшелігі жайында сұрақтарға жауап беріп, ойларын ортаға салды.

Эфир қонақтары осы және өзге де сұрақтарға тікелей эфир барысында жауап берді.

Сұхбатты толығырақ аудионұсқадан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізгендер: Жадыра Жұмакүлбай және Нұртас Нұрғали.