Оқушыларға қандай пәндерден баға қойылмайды?

Семей қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы көлемі 203 гектар болатын Қарағайлы ықшамауданында салынып жатқан құрылыс жұмыстарының қарқынымен танысты. Ықшамаудандағы тұрғын-үй қоры 787,7 мың шаршы метр. Физика-математика пәндерін тереңдетіп оқитын 720 оқушыға арналған Назарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы аяқталған. Жанында 120 орындық жатақханасы бар. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 320 орындық балабақша салынған. Жуырда ауданда 1405 пәтерлік 20 тұрғын үй пайдалануға берілген. Президент Қарағайлы ықшам ауданындағы бірегей спорт кешенін аралап көріп, мұндай нысан Қазақстанның әр қаласында салынуы қажет екенін атап өтті.

***

Оқушыларға қандай пәндерден баға қойылмайды?

Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, биыл 1-сыныпта бағалау жүргізілмейді. Ал, 2-11- сынып оқушыларының оқу жетістіктері қалыптастырушы бағалау арқылы анықталып, балл қойылады. Әрбір бағалау бір бөлім және бір тоқсан бойынша жүргізіледі. Жиынтық бағалау өзін-өзі тану, көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау, қоғам және дін, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, бастауыш сыныптарға арналған информатика пәндері бойынша қойылмайды. Қалыптастырушы бағалау 10 баллдан аспайды, - деді Шолпан Қадырова.

***

Қызылорда облысында той өткізген 140 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірде қойылған шектеулер мен карантин шараларының сақталуын бақылау үшін 24 мониторинг тобы құрылған. Топ мүшелері бүгінгі күнге дейін 140-қа жуық той өткізген адамды анықтады. Оларға қомақты мөлшерде айыппұл салынды. Кейбір кафелер шекті уақытқа қарамай, жұмысын жалғастырған. Облыс бойынша жеке адамдар және бизнес субьектілері тарапынан 602 карантин талабын бұзу дерегі тіркелді. Нәтижесінде әкімшілік хаттамалар толтырылып, 30 миллионға жуық айыппұл салынды. 

***

Қарағандылық полицейлер браконьерлермен күресті күшейтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Тәртіп сақшылары шара аясында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтады. Полицейлер “Охотзоопром” қызметкерлерімен бірлесіп, Нұра ауданы Құланөтпес ауылы, Нығман бөлімшесінің маңындағы Құлан өзенінен заңсыз балық аулап отырған 3 азаматты ұстаған. Балықшылардан жалпы салмағы 255 кг болатын 5 қап балық және екі қайық, құралдар алынды. Сонымен қатар, Ұлытау ауданы, Ақтас ауылының аумағын аралау барысында автокөлкті тоқтатқан. Оны қарау барысында 16 калибрлі қару, екі қоянның еті және қолшам алынды. Қазір аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.