Дубайда әлемдегі ең үлкен субұрқақ іске қосылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-ші отырысында білім беру жүйесіндегі мәселелерге айырықша тоқталды. Мемлекет басшысы жиында «Серпін» және «Дипломмен – ауылға» жобаларын саралау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының ұйымдық құрылымын өзгерту туралы тапсырма берді. «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінованың айтуынша, бұл білім саласына жаңа мазмұн беретін бастамалар.

***

2020 жылғы 24 қазанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Хабар 24. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 165 жағдайы және 2 өлім тіркелген. Оған қоса 52 адам емделіп шыққан.

***

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді. «Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан - Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр», - деді қалалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан. Мәлім етілгендей, оқу-жаттығу шынайы жағдайға барынша жақындатылған түрде болады. Сондай-ақ түрлі күрделі элементтер қолданылады. «І.Жансүгірұлы көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі сорғы-сүзу станциясы ауданында автокөлік қозғалысы бойынша шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты, азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығуға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген штаб ақпаратында. Оқу-жаттығу мақсаты – тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісінде терроризммен күрес бойынша практикалық дағдыларды пысықтау.

***

Дубайда әлемдегі ең үлкен субұрқақ іске қосылып, ол Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ашылу салтанатына орай әсерлі шоу мен отшашу ұйымдастырылған. Субұрқақ шамамен бір жарым мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Ондағы су 105 метр биіктікке дейін көтеріледі. Онда 3 мың жарықдиодты шам орнатылған. Құрылым жыл бойы жұмыс істейтін болады. 3 минуттық музыкалық шоу әр жарты сағат сайын қосылып отырады. Жалпы бұған дейін Оңтүстік Кореядағы «Банпо ай кемпірқосағы» әлемдегі ең үлкен субұрқақ саналып келген.

***

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Джастин Гэтжи салмақ өлшеу рәсімінде бірдей салмақ көрсетті , - деп хабарлайды Vesti.kz. Спорт порталының мәліметінше, олардың жекпе-жегі бүгін Әбу-Дабидегі (БАӘ) Бойцовский аралында өтетін UFC 254 турнирінде басты кездесу болмақ. Екі спортшы да 70,3 келі салмақ көрсеткен. Хабибке салмағын өлшеуі үшін шешінуге тура келген екен. Октагондағы айқас Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 2-де басталады.