Нұр-Сұлтан қаласында «Astanа Media Week» IV медиаапталығы өтеді


2020 жылдың 11-13 қарашасы аралығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен және “Қазмедиа Орталығының” қатысуымен «Astanа Media Week» IV медиаапталығы қашықтық режимде өтеді.

Медиаапталық төртінші жыл қатарынан әлемнің түпкір-түпкірінен жетекші сарапшыларды дәстүрлі түрде жинап келеді және өзекті тақырыптар талқыланады. Осы жылы ұйымдастырушылардың назары медиасаланың алдағы уақыттағы жұмыс бағытын құруға ауып отыр.

Басты тақырыптар: медиаконтентті тұтынудағы жаһандық трендтер; пандемия және БАҚ-қа деген сенімнің дағдарысы; жаңа жағдайдағы редакциялардың жұмысы; мультиплатформалық; медиакеңістіктің жаңа көшбасшылары.