«Үркер – 2020» Ұлттық сыйлығы

Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктерді бағалау үшін және журналистиканың беделін арттыруға, кәсіби стандарттарды бекітуге бағытталған.

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптар: - жұмыстар 2019 жылғы 01 қаңтар мен 2020 жылғы 01 қараша аралығында жариялануы тиіс; - жұмыстар баспа басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс.

«Үркер — 2020» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі онлайн-форматта 2020 жылғы 13 қарашада өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздік өкіліне жеңімпаз атағы беріліп, «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлық табыс етіледі.