Омар Ақыш: Актер - интеллектуал болу керек

«Өнер алаңы» хабарының қонағы: Қазақ ұлттық өнер университеті «Театр өнері және өнертану» факультетінің деканы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақыш Омар.

«Иә. Журналистер тарапынан актерлар туралы өте төмен пікірлер айтылып қалатынын құлағым шалып жүр. Мен ол пікірге келіспеймін. Актердің театрда жүргенінің өзі бір мектеп. Әр ойнаған рөлінде ол біреудің атынан сөйлейді. Абайдың тілінде, Әуезовтің, Шекспирдің, Чеховтың тілінде сөйлейді. Оның бәрі қайда кетеді?! Актерге рөл берілді ме, ол ізденеді, зерттейді. Бойына сіңіріп, санасына түйгеннен кейін сөздің барлығын ішінен шығарады. Ол білім емес пе?! Рухани байлық емес пе?! Актерлар 30,40,50 жыл театрда еңбек етеді. Олардың өресі төмен, білімсіз деп айта алмаймын». 

Хабардың редактор-жүргізушісі Толқын Сұлтан.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.