Бозжыра қорығы: қоғамдық пікір ескеріледі

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасына қатысты пікір білдірген болатын. Нақтырақ айтқанда, Маңғыстау облысындағы ерекше қорғалатын Бозжыра табиғат қорығының аумағына салынатын жаңа қонақ үйдің құрылысына қатысты қоғамның теріс пікірін ескере отырып, Үкіметке осы жобаны қайта қарау жөнінде тапсырма берген еді. 

Аталған жазба ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде әлі де қызу талқыланып жатыр. Біз де өз кезегімізде осы мәселеге байланысты, сондай-ақ Парламентте талқыланып жатқан Экологиялық Кодекс жобасының жай-жапсары жайында пікірін білу үшін «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсы төрағасының орынбасары Төлеген Қуанышев мырзамен сұхбаттасқан едік.

Сұхбаттың толығырақ хабардың аудионұсқасынан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.