Елордада 22 қарашада қоғамдық көліктер тоқтатылады

Жексенбі, 22 қарашада елордада қоғамдық көліктер жүрмейді. Бұл туралы City Transportation Systems хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, елорда коронавирус инфекциясының жиілігі бойынша «сары аймақта» тұр. Нұр-Сұлтан ведомствоаралық комиссиясының шешімі бойынша жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді.

Дүйсенбі, 23 қарашадан бастап қалалық және қала маңы қатынас қызметтері әдеттегі кестеге сәйкес желіде жұмыс істейді.

«Біз тұрғындардан санитарлық нормаларды сақтауын сұраймыз және автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынғанын ұмытпаңыз.

Жол жүру ақысы тек қолма-қол ақшасыз жолмен төленеді », - деп хабарлады City Transportation Systems.