Бұл туралы жұма күнгі «Білім айнасы» бағдарламасына Шотландиядан тікелей байланысқа шыққан Гүлшат Бақытжанқызы айтып өтті. Ғылыми жұмысты жазу заңдылығы да айтылды. Батыстық қалыптасқан жүйе бойынша ол тек академиялық ортаға ғана емес, қарапайым адамға түсінікті жазылуы керек. Шетелде сыни ойлау балаға дейін түсінікті. Біздегі түсінік мүлде басқа. Болондық процеске қол қойып, әлемдік білім стандартын қабылдаған Қазақстан кредиттік білім жүйесі, академиялық жазу тұрғысынан білім стандартына толық өтпегені де қозғалды.
Бағдарлама қонағы: Гүлшат Түсіп – аудармашы, филология ғ.к., Білім саласындағы көшбасшылық және саясат мамандығы бойынша Лидс университетінің магистрі (Англия), Абердин университетінің PhD докторанты (Шотландия).
Төмендегі сұрақтар барысында әңгіме өрбіді:
- Ғылыми жұмыстардың жазылу әдістемесі әртүрлі, бөлімдер , мысалы, әдебиетке шолу, методология мүлде бөлек. Қазақстандық жүйеде тіпті жоқ десек те болады. Академиялық жазу дегенді арнайы курс ретінде оқытады шетелде. Ағылшынтілді мемлекеттердің бәрінде академиялық жазу талабы мен қағидасы бір-біріне ұқсайды. Тәртібі, заңдылығы бар. Бізде белгілі бір заңдылық жоқ. Осыны қалыптастыру үшін не істемек керек?
- Асқар Жұмаділдаев: «100 оқулық» бағдарламасы тек гуманитарлық бағытта ғана. Қазақ тілі ғылым тілі болмағандықтан кең тарап, дамымай жатыр. Нақты ғылым саласы кітаптарын аудару керек" деп еді. Келісесіз бе?
- Аудармамен тек теориялық тұрғыда емес, практикалық тұрғыда да айналыстыңыз. «Ұлттық аударма бюросында» істедіңіз. Аудармадағы негізгі мәселелерді айтып бересіз бе?
- Аудармада орыс тілінің әсерінен дұрыс аударылмай кеткен сөздер немесе дұрыс дыбыстамау мәселелері туралы не айтасыз? Мысалы, википедия - уикипедия, Вильям - Уильям, Гарри – Хәрри, т.б.
- Граматикалық кұбылыстардың тілде болмауы аударманың сапасы мен дәлдігіне де әсер етеді. Аудармада автордың ойын жеткізу маңызды ма, әлде қазақ тілінде жатық, құлаққа жағымды естілгені дұрыс па?
- Түпнұсқада айтылған нәрселер қазақшаға аударылғанда «қазаққа жат ой, бізде мұндай болмаған, бұны айтуға болмайды» деген көзқараспен түсіп қалуы мүмкін. Осыған қалай қарайсыз?
Толық ақпарат аудионұсқада.
Бағдарлама редакторы әрі жүргізуші: Жадыра Жұмакүлбай.