Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылды

Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырған 11 975 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның 822 бала. Стационарларда 3 294 науқас жатыр. 8 681 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр. Жалпы науқастардың арасында 199 адамның жағдайы нашар. 35 науқас аса ауыр халде жатыр. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

*****

Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды. 27 қарашада ел аумағына Египет, БАӘ, ҚХР, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 2 578 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 2 311 адам, анықтамасыз 267 адам келді. Оның бәрі - ҚР азаматтары.Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды.Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген шетел азаматы COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтаманы ұсынуына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.

*****

Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылды. Пандемияның бірінші толқынында өңірде медициналық масканың тапшылығына көз жеткізген. Арзан бағамен сатылатын маска шығаруды Жергілікті кәсіпкер Махмут Мералиев қолға алған. Игі бастаманың алғашқы өнімі Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығарылады. Атыраудан шығарылған маска еліміздің барлық өңіріне сатылымға жіберіледі.

*****

Қазақстан туралы айтқанда - Абайдың есімін бірден еске алатын деңгейге жетуіміз керек. Бұл пікірді дипломат, Эстониядағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының басшысы қызметін атқарған Дудар Жакенов білдірді. «Ұлы ақынның 175 жылдығына орай Қазақстанның көптеген елшіліктерінде Абай Құнанбайұлының мұрасын насихаттауда шығармашылық кездесулер мен әдеби оқулар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бірқатар қазақстандық елшіліктерде Абай шығармаларын аударған кітап авторлары марапатталды. Барлық марапатталғандар ұлы қазақ классигінің мұрасын түсінудің жаңа бағытының ашылғанын атап өтті»- дейді дипломат Дудар Жакенов.