Елімізде 900-ден астам бала коронавирустан емделіп жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустан 13 164 адам емделіп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың арасында 905 бала бар. «Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.




Фото дереккөз: укринфорум