Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Бүгін - Тұңғыш Президент күні. 2011 жылдың желтоқсан айында Сенаттың жалпы отырысында «ҚР заңына толықтыру енгізу: «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» заңы қабылданды. Тұңғыш Президент күні Елбасының Қазақ елі үшін жасаған еңбегін елеп-ескеру мақсатында күнтізбеге енді.  

Нұрсұлтан Назарбаев 1990 жылдың сәуірінде Қазақ КСР-ның президенті болып тағайындалды. 1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет ҚР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, Н.Назарбаев 98,7% дауыспен жеңіске жетті. 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Президент Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлау нәтижесі бойынша Елбасы 79,78% дауыс иеленіп, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылар 91,5% дауыспен Н.Ә.Назарбаевты ҚР Президенті етіп қайта тағайындады. Ал 2011 жылы 3 сәуір күні кезектен тыс президент сайлауында Н.Назарбаев сайлаушылардың 95,5 % дауысын жинап, ҚР Президенті болып қайта сайланды. 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен кезектен тыс сайлауда 97,5 пайыз дауыс жинап, тағы да жеңіске жетті. 2019 жылдың 19 наурызында республикалық телеарналар арқылы Президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді.

Бүгін Тұңғыш Президент күні осымен 8-рет аталып өтеді. Елбасы күні қазақ халқының мемлекет болып қалыптасуының маңызды кезеңін айқындайды.