Қазақстанда саяси қызметшілерді ротациялау институты енгізілді

Биыл 13 қарашада Президенттің Жарлығымен жаңа ротация қағидалары бекітілді. Осылайша, елімізде саяси қызметшілерді ротациялау институты алғаш рет енгізілді (бұрын ротация әкімшілік қызметшілерге ғана қолданылған). Енді, саяси қызметшілер атқаратын лауазымына тағайындалған күннен бастап әрбір төрт жыл сайын ротацияланатын болады.

Бұл ретте тиісті мемлекеттік орган басшысының шешімі бойынша саяси қызметшінің атқаратын лауазымында болу мерзімі екі жылға ұзартылуы мүмкін. Кейіннен екі жылға ұзарту Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша ғана іске асады. Осылайша, саяси қызметшілердің лауазымда болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі сегіз жылдан аспайды. Саяси қызметшілерді ротациялау институты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

Біз бүгін Қазақ радиосының эфирінде дәл осы тақырып аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ақылбек Боранқұлов мырзамен сұхбаттасқан едік. Сұхбаттың толық аудионұсқасын төменде аудиодан тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.