- 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгереді.
- Полиция интернет арқылы ең көп жасалатын қылмыс түрлерін атады.
- СҚО-да биыл 125 көпбалалы отбасы баспаналы болды.
Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде бір айлық есептік көрсеткіш 2917 теңге мөлшерінде белгіленді. Соған орай зейнетақы, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлемдер, салықтар мен айыппұлдар мөлшері өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 қаңтарынан: - жалақының ең төменгі мөлшері - 42 500 теңге; - мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18 524 теңге; - зейнетақының ең төменгі мөлшері - 43 272 теңге болады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 302 теңге болып бекітіледі.
***
Солтүстік Қазақстан облысында биыл кезекке тұрғандардың 625-і баспаналы болса, солардың 125-і көпбалалы отбасылар, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде Петропавлда көп қабатты 32 баспана салынып жатыр. Олардың басым бөлігі тозығы жеткен үйлердің орнында пайда болады. Облыс орталығында осы мақсатта «Жаңа қала» атты бағдарлама қабылданған. Нәтижесінде 3 жылда қаланың көркін бұзған 1200 ескі үй бұзылды. «Облыста бірінші сыныпқа баратын балалардың саны жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан, баспаналардың құрылысымен қатар, жаңа мектептер де салынып жатыр.
***
Атырау қаласында демеушілер көмегімен Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының алдындағы алаңда биіктігі 9 метрлік шырша орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау қалалық әкімдігінің мәліметінше, шыршаны орнатуға бюджеттен қаржы бөлінбеген. Демеушілер қалаға сыйға тартқан шыршаны Германиядан әкелген. Сондай-ақ, «Исатай-Махамбет» орталық алаңына биіктігі 15 метрлік жасанды шырша, ал екі шағын ауданға бұрын сатып алынған шыршалар орнатылады.
***
Өскемен қалалық Полиция басқармасы интернетте жиі кездесетін алаяқтықтың 5 түрін атады. Бірінші орында өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар тұр. Өскемен тұрғындары есепшотындағы 22 миллион теңгеге жуық қаржысын алаяқтарға берген. «Алданғандардың көбі 40-тан асқандар. Екінші орынды Kolesa.kz сайтындағы алаяқтар алды. Автокөлік немесе қосалқы бөлшек сататындығы туралы хабарландыру жариялаған әккілер қызығушылық танытқандарға алдын ала төлем жасау қажеттігін айтады. Төртінші орында шағын несие беретін ұйымдарға алданғандар. Қарыз алушы несиені өтегенімен, қарыз алушының мәліметтеріне қол жеткізген алаяқтар оның атынан интернетте тағы несие рәсімдеп отырған. Интернетте жиі кездесетін бесінші алаяқтық – OLX сайтында және Instagram желісіндегі сауда-саттық, - дейді Өскемен қалалық полиция басқармасы.
***
Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында орналасқан Батыр ауылында жеке тұрғын үй ауласындағы құдыққа екі бала құлап кетіп, көз жұмды. 6 және 11 жастағы балалар бір үйде тұратын ағайындылардың балалары. Қайғылы жағдай кеше түс ауа болған. Ауыз су құдығының тереңдігі 2 метр. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған жағдайдың себептерін анықтау жұмыстарын жүргізуде.