Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың еңбектері таныстырылады

2021 жыл 20 қаңтарда сағат 12.00-де Әл-Фараби ғылыми кітапханасының №308 «Абай» залында Америка Құрама Штаттары, Нью-Йорк қ. Колумбия университетінің профессоры Гүлнар Кендірбайдың «Russian Practices of Governance in Eurasia. Frontier Power Dynamics, 16th-19th Century» атты кітабының тұсаукесері өтеді.


Тұсау кесер рәсімінде ғалымның еңбектерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағы, шетелдік ғалымдар, Республикалық БАҚ басшылары мен танымал журналистер, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым мен профессор-оқытушылар құрамы қатысады. 

Қосымша ақпарат:  Гүлнар Кендірбай - Колумбия университетінің профессоры, Нью-Йорк, АҚШ, 2004 жылдан бастап Орталық Азия, Еуразия көшпелілері, Ресей империясы мен Кеңес Одағының тарихы бойынша курстар өткізді. Оның ғылыми зерттеу бағыттарына колониализм, ұлтшылдық, этностық, ислам, көшпенділік, мәдени антропология, Орталық Азияның әлеуметтік және зияткерлік тарихы кіреді.


ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы,71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А.Б.Ақынбекова, тел: +77272211351, моб.: +77772750861