Мемлекет басшысы Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Құжаттың толық мәтіні

* * *

Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы>

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН>:

1. Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының>

Президенті Қ.Тоқаев>

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 14 қаңтар


№ 489