Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізіледі

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізіледі. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Жылдың басында сайлау өткізу арқылы қиындықтармен күресіп қана қоймай жаңғыруға жол ашып, жаңа серпінге ие болдық. Осы қарқынды сақтап, бағдарымыздан жаңылмау өте маңызды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында кешенді реформалар жүргізілдетін болады», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты.