“Сұңқар” радиостудиясы әуе толқынында

“ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ” ЖШС мен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ арасында жасалған меморандум аясында жастардың радиостудиясы ашылды. 

Бағдарлама мақсаты - университеттің білім мен ғылымға арналған өзекті жаңалықтарын баяндап, студент жастардың түйткілді сұрақтарына жауап іздеп әрі олардың жетістіктерімен бөлісу. Жастардың шығармашылығын дамыту, білімдері мен біліктерін арттыру. 

Жалынды жастардың талабын шыңдап, жетістіктерімен таныстыратын “Сұңқар” радиостудиясы әр дүйсенбі, сағат 16:00-де эфирге шығады.

“Шалқар” радиосы қосулы болсын!