COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймақта

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен қаласы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.


Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар.


Бүгінгі матрица Қазақстанның «қызыл» аймаққа кіргенін көрсетіп тұр. Қалған өңірлердің бәрі де «жасыл» аймақта орналасқан.