Елімізде Адалдық әліппесі де пайда болуы мүмкін


Елорданы "Ақылды қала" тұжырымына сай цифрландыру және трансформациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа жұмыс барысын және оның қолданысын таныстырды. Алтай Көлгінов атап өткендей, цифрлық технологияларды енгізу қызметтердің сапасын арттыруға және қала тұрғындарының өмірін жеңілдетуге ғана емес, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бірнеше есе азайтуға, адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді. Бұл ретте iQala орталығының да көмегі зор. Онда тұрғын үй-коммуналдық секторы саласында "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру қызметтерін алуға болады. Мемлекеттік сатып алуларды автоматтандыру жүргізіліп, барлық төрт аудан әкімдігі фронт-офис форматына көшті. Сондай-ақ денсаулық паспорттарын 100% цифрландыру жүргізілді. Барлық қоғамдық көліктер электронды төлем жүйелерімен жабдықталған. Алик Шпекбаев Нұр-Сұлтан әкімдігінің қоғам өмірінің маңызды бағыттарын цифрландыру және "Астана - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлескен жұмыстарды жоғары бағалады.

*****

Сонымен қатар, осы аптада «Самұрық-Қазынада» «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» жобаның тәжірибесін қабылдаған қвазимемлекеттік сектор субъектілерінің арасында алғашқылардың бірі саналады. Қор басшысы Ахметжан Есімовтің атап өткендей, сатып алулар жемқорлық жиі орын алатын сала болып табылады. Ал, Адалдық алаңы арқылы аталған тәуекелдерді едәуір төмендетуге жол ашылады. Өз кезегінде, Антикор басшысы Алик Шпекбаев Қордың жобалық кеңсе аясында парақорлыққа қарсы маңызды өзгерістерді бастауға және парасаттылықты насихаттауға ұмтылысын оң бағалады. Іс-шара соңында Алик Шпекбаев пен Ахметжан Есімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

*****

Елімізде Адалдық алаңымен қоса, келешекте Адалдық әліппесі де пайда болуы мүмкін. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ерте жастан қалыптастыру қажет,-дейді Агенттіктің қоғамдық кеңес мүшесі, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі. Оның себебі...

*****

НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша сарапшыларды конкурстық іріктеу басталды. Сараптама жүргізудің үйлестірушісі болып Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті белгіленді. Аталған жұмыстың негізгі мақсаты - нормативтік-құқықтық актілерді қолдану кезінде шенеуніктің таңдау еркіндігін шектеу, сондай-ақ, НҚА жобаларындағы сыбайлас жемқорлыққа ұшыраған нормаларды анықтау және оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу. Осыған байланысты, сарапшыларды төрт кезеңнен тұратын конкурстық іріктеу басталды. Объективтілік пен бейтараптылықты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кезең бойынша шешімдер қабылдауды арнайы құрылған конкурстық комиссия жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, сұхбаттасу рәсімі Агенттік пен үйлестірушінің әлеуметтік парақшаларында онлайн-форматта көрсетіледі. Үміткерлер құжаттарын қолма-қол немесе университеттің электрондық поштасының мекен-жайына жолдай алады.

*****

Ұлағатты шаралардың ұйытқысына арналған агенттіктің жұмысы бүгінде қарқынды. Осы аптада «Парасат жолы» жобасы аясында мәдениет саласының өкілдері бас қосты. Актерлардың айтуынша, парасаттылыққа ең алдымен халық алдында жүрген, елге танымал тұлғалар лайықты болуы қажет. Себебі, өскелең ұрпақ осындай тұлғалардан үлгі алады,- дейді олар.

*****

 “Антикор news”- тың бүгінгі санын дайындаған әріптесім Нұрқанат Жақан және Гүлім Ғабитқызы. Біз хабарымызды Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер Әділ Ахметовтың келесі сөзімен аяқтаймыз.