«Парасат жолы» – жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сөйлеген сөздерінде халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қажеттігін үнемі айтып отырады. Биылғы халыққа арнаған Жолдауында да еліміздің әлеуметік-экономикалық ахуалы жайында айта келіп, Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайтынын қадап айтты. Бұл ретте Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі жүргізіліп жатқандығына тоқталды.

Ия, шынымен де жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жолға қойылып келеді. Олай болса нақты қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Күтілетін нәтиже қандай? Бұл тәсіл еліміздегі сыбайлас-жемқорлық мәселесін шешуде яғни оның алдын алуда қаншалықты тиімді болмақ? Дәл осы тақырып аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева ханыммен сұхбаттасқан едік.

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден тыңдай аласыздар.