«Астана» радиосында жаңа директор

Танашева Сымбат Талғатқызы 2002 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Ақпарат саласындағы еңбек жолын 2002 жылы Қазақ радиосында редактор-жүргізуші қызметінен бастаған.    

2004-2006 жылдар аралығында «Авторадио» радиостанциясында бағдарламалар жүргізушісі. 2006 жылдан бастап «Астана» радиосында редактор-жүргізуші. 2020 жылдың тамыз айынан Қазақ радиосының жетекші-редакторы. «Қайырлы таң, Қазақ елі» ақпараттық-сазды, таңғы шоу бағдарламасының жүргізушісі.