Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтанға келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғыз басшысы сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен және Премьер-министр Асқар Маминмен кездеседі. Сондай-ақ Қазақстанның іскер топ өкілдерімен де кездесуі жоспарланған.