Солтүстік Қазақстанға көшетін қандастарға жәрдемақыдан бөлек үй және жер беріледі

Солтүстік Қазақстан облысына шетелден көшіп келгісі келетін қандастарымызға арнайы жәрдемақыдан бөлек үй және жер беріледі. Мал, құс өсіріп, диқаншылықпен шұғылданғысы келетіндерге де 584 мың теңге қайтарымсыз грант ұсынылады. Жергілікті әкімшіліктер қандастарды жұмысқа орналастыр мәселесін шешетін болады. Мұндай көмектер еліміздің кез-келген өңірінен көшіп келгісі келетін қандастарға да беріледі.


"Қандастар" хабарына қонаққа келген осы облыстағы Ақжар ауданы әкімінің орынбасары Бөгенбай Жұрынтаев пен аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бауыржан Баржанов осы көмектер жайлы кеңірек әңгімелеп берді.


Хабардың толық нұсқасын аудиотаспадан толық тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген редакторы: Еркін Байғабылұлы.