Жоғарғы соттың судьялары қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Смолинді және Серік Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы Мемлекет басшысының ұсынымы енгізіліп отыр.», - деді отырыста ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов.

Палата депутаттары осы ұсынысқа қолдау білдіріп, судьяларды қызметінен босату туралы шешім қабылдады.

*****

Қаңтар айынан бастап Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау мен Түркістан облыстарында автомобиль жолдарының 7 учаскесі бойынша 35 елдімекенде қоғамдық тыңдау өткізілген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы өкілдері жүйені енгізу кезеңдері, жеңілдіктер, тарифтер, сондай-ақ төлемнің артықшылықтары туралы халықты хабардар етті. Қазіргі таңда елімізде 4 ақылы учаске жұмыс істеуде: «Нұр-Сұлтан – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Алматы – Қапшағай» және «Алматы – Қорғас». Биыл ақылы жолдар жүйесін 5,8 мың шақырым жолға енгізу көзделген. Қоғамдық тыңдаулар Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында өткізіледі деп көзделіп отыр.

*****

3 наурызында ел аумағына Германия, Ұлыбритания, Корея, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 20 халықаралық әуе рейсі келді. 2 302 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 946 адам, анықтамасыз 356 ҚР азаматы келді. Анықтамасыз келгендер / келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

*****

Қазақстан 2020 жылдың қорытындысы бойынша азық-түлік қауіпсіздігі деңгейі бойынша 113 орынның ішінен 32-орынды иеленді. Бұл The Economist Intelligence Unit сарапшылары дайындаған Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексінен алынған. Оған сәйкес, еліміз аса маңызды оң серпіні бар ел болып саналады. Халық үшін азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігі, азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі, азық-түлік өнімдерінің болуы секілді көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы инфрақұрылымы, АӨК секторындағы ғылыми зерттеулер сияқты көрсеткіштер бойынша да жақсару байқалды.

*****

Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысы шектелді. Тізімде «Жезқазған - Петропавл» автожолының бөлігі, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы, Нұр-Сұлтан – Щучье ақылы жол бөлігі бар, Автокөліктің барлық түрлері үшін «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 92-257 шақырымы, «Самара-Шымкент» автожолының бөлігі, Риддер қаласы мен РФ шекарасы аралығы жабылады.