ШАРТТЫ ЖЕР ҮЛЕСТЕРІН АЛҒАН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖҮРГІЗУ КЕРЕК

Жер комиссиясы отырысында жүздеген мәселелер талқыланып жатыр. Алайда ең маңыздысы комиссия назарынан тыс қалып жатқан сыңайлы. Ол экономикалық тиімділік.

2005 жылы шартты жер үлестері бар ауыл тұрғындарына серіктестіктер құрамынан шығу мүмкіндігі берілген еді. Соны пайдаланып дивиденттерін қажетті мөлшерде ала алмай серіктестіктіктен қорлық көрген адамдар жеке шаруа қожалықтарын құрған. Солардың әр қайсысы техника алып, дара жүріп дамығысы келеді. Бірақ жер көлемі аз болған соң (ары кеткенде бір адам 50 гектардан бөліп алған) өндірістік мүмкіндіктері де шектеулі. Яғни,  экономикалық тиімділік болмайды деген сөз. Осы тұста қайтпекпіз? Бір шетінен экономикалық тиімділікті арттыру үшін майда шаруаларды біріктіру қажет екенін жақсы түсінеміз. Іріленгеннің ісі де ірі. Екінші жағынан шартты жер үлестерін заңды тұлғаларға аманат етіп тапсырғандар тиісті дивиденттерін ала алмай, алданып жүр. 

Толығырақ «Аграрлы Қазақстан» хабарының бүгінгі санында.