Қазақ радиосының тікелей эфирдегі "Білім айнасы" бағдарламасына келген кітапханашы осылай деді.
Нұр-сұлтан қалалық Білім беруді жаңғырту орталығының оқушыларды кітап оқуға баулитын «ASYL SÓZ» жобасы 2020 жылдың тамыз айында іске қосылды. Орталықтың бөлім басшысы Райгүл Әмірхамзинаның айтуы бойынша жобаға елордамыздың барлық мектебі қатысады. Мектептегі кітапханашылар әр аптаның сәрсенбісінде бір көркем әдебиет туралы 10 минуттық түсіндірме, мазмұндама сипатындағы бейнежазба жасап, оны мектептің және орталықтың әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктейді.
"Осы жобаның арқасында кітапханашылар бейнекамераға түсіріп, әрлеп монтаждауды да үйренді", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы №76 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Айсұлу Сайрамбаева. Жоба 2023 жылға дейін жалғаспақ.
Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі аудиодан тыңдауға болады.