Президент Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы тағайындалды

Президенттің Жарлығына сәйкес Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.

Мемлекет басшысының келесі Жарлығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына Марат Мұратұлы Ахметжанов тағайындалды.