Гүлайым Абдрахманова: Баланың ауырғанынан асқан азап жоқ

«Мың алғыс» бағдарламасының кезекті саны бүйректің қатерлі дертіне шалдыққан Альарназ Абдрахмановқа арналды.  


Альарназға 2017 жылдың мамыр айында нефробластома диагнозы, яғни сол бүйректің қатерлі ісігі деген диагноз қойылған. Қазір сол жақ бүйрексіз өмір сүріп жатыр. Бүгінге дейін 3 рет Корея мемлекетінде ем қабылдады. Биылғы медициналық тексеру мен арнайы жоспарланған ем-шарасына шілде айында барады. Ол үшін 8 500 000 теңге қаржы керек.

Ұлын ойлап жанарының жасын тыя алмаған ана «Балам 6 жасына дейін 60 рет наркоз алды. Үш күн сайын медициналық талдамаларын тапсырып, тексеріп отырамыз. Бала болғасын емін-еркін жүргісі келеді. Күн сайын көзін ашып оянғанына шүкір» дейді. 

Балапаны үшін шырыл қаққан тағы бір анаға қасиетті Рамазан айында демеу болайық! 

Альарназдың анасы Гүлайым Абдрахманованың атына ашылған есепшот: 

KASPI GOLD: 4400 4301 1376 7195

KAZKOM: 4003 0327 5323 2984

ЖСН: 8503 1740 0353