Қазақстанда фониатр дайындайтын мектеп жоқ

16 сәуір – халықаралық дауыс күні. Осы орайда, әнші, актер, радио, тележүргізушілерден басқа да қарапайым адамдардың дауыс аппаратын тексеріп, емдейтін маман фониатрмен Қазақ радиосының "Білім айнасы" хабарында сұхбат өрбіді. 

Хабар қонағы – жоғары санатты лор дәрігер-фониатр, Астана медицина университетінің ұстазы, PhD докторант, Еуропа фониатрлар одағының мүшесі Әлия Тұраева.

Әлия Ғаниқызының айтуынша, елімізде оқыған он шақты ғана фониатр маман бар. Олардың басым бөлігі дауысты тексеретін арнайы аппаратураның жоқтығынан лор болумен ғана шектеліп жүр. 

Дауыс аурулары тек әншілерде кездеспейді. Үлкен кісілер мен балаларда да болады. Ал оған диагноз қойып, емдейтін фониатр дәрігер. Бірақ бұл мамандар ЖОО-да арнайы оқытылмайды. Әлия Ғаниқызы бұл мәселені шешу үшін министрлікке де хат жазған, бірақ профессор атағы бар фониатр маман болмаса, басқаға мектеп ашуға рұқсат берілмейтіндігі айтылған.  

Сұхбатты толығырақ төмендегі аудиодан тыңдай аласыз.