«Фолиант» баспасының жаппай сатылымы өтеді

«Фолиант» баспасының биылғы алғашқы жаппай сатылымы 4-7 мамыр күні 10:00-ден 17:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Ш.Айманов көшесі 13 мекенжайы бойынша өтеді.

Жаппай сатылымға ересектер мен балаларға арналған әр түрлі тақырыптағы 500-ден астам кітап қойылады. 

Жәрмеңкеде жеке тұлғаны, ойлау қабілетін дамыту, маркетинг, технология, келіссөздер, саяхат, психология, қарым-қатынас, тіл үйрену, сурет салу, өнер саласындағы кітаптар сондай-ақ ертегілер, ойындар, комикстер және балаларға арналған әдебиеттер ұсынылады. Сатылымда жоқ кейбір кітаптардың соңғы нұсқалары шығарылады.

«Фолиант» баспасының жыл сайынғы жәрмеңкесі дәстүрге айналған, осы жылы 12-ші рет өткелі отыр.

Баспа 1996 жылы ашылып,бүгінде қалыптасу, тәжірибе жинау сатыларынан ойдағыдай өткен, еліміздің баспа саласында лайықты орны бар, кітап өндірісі бағытында өзіндік жолы бар, мақсат-мүддесі айқын, заманауи талаптарға сай, іргелі шаңыраққа айналған мекеме.

Қазіргі уақытта баспа әртүрлі оқулықтар («Жоғары білім», «Кәсіптік білім» сериялары), көркем әдебиет, балалар әдебиеті, ғылыми әдебиет, құқық саласы және басқа сан алуан кітаптарды шығарады, оған қоса көркем безендірілген фотоальбомдар, журналдар, буклеттер, плакаттар және өзге де полиграфиялық өнімдерді де басумен айналысады.

Баспаның кітап өнімдері халықаралық, республикалық көрмелер мен жәрмеңкелерде тапсырыстарды сапалы орындау ерекшелігімен бірнеше мәрте (40-қа жуық) марапаттауларға ие болған. «Фолиант» баспасы жыл сайын Майндегі Франкфуртта (Германия) және Мәскеудегі кітап көрмелеріне қатысып, лайықты жоғары бағаларға ие болып жүр. Қазақстанда «Фолиант» баспасы 2013 жылы Алматыда өткен «Ұлы Жібек жолымен» атты халықаралық кітап көрмесі мен өткен жылдың мамыр айында Минск қаласында барша ТМД мемлекеттерінің таңдаулы баспаларының қатысуымен өткен «Кітап өнері» байқауында жеңімпаз атанды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің дипломымен екі мәрте марапатталды. Жыл сайын баспа республикалық «ХХI ғасырдағы білім мен ғылым» атты көрмеге қатысады, онда «Кәсіптік білім» сериясына арналған дипломдарды иеленген.