Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 1 млн 400 мыңға жетті

Бүгінгі мәлімет бойынша Қазақстанда 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды,- деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Еліміз бойынша 1 378 495 адам коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін салдырған. Ал екпенің екінші компонентін алғандар 312 197 адам.

Өңір арасында екпе алғандар саны бойынша Алматы қаласы, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарының тұрғындары алда.