Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Бүгін сенаторлар Қазақстан Парламенті Сенаты депутаттарының VII шақырылымнан бергі жұмысының нәтижелері туралы Түркістан облысы аудандарының тұрғындарына айтып берді. Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев өңірге сапары барысында мәслихат депутаттарымен және Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарының активімен онлайн-кездесу өткізді.

Әли Бектаевтың айтуынша, еліміз Президентінің жаңғырту жөніндегі күн тәртібін іске асыру сенаторлар жұмысының негізгі басымдықтары болды.

"Сенаторлар 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында Үкіметке 37 депутаттық сауал жолдады, 40 заң жобасын қарады және қабылдады. Атап айтқанда, оның ішінде жер қатынастары туралы заң жобасы болды. Бұл құжатты Мемлекет басшысы Парламентке енгізген болатын. Онда біздің азаматтарымыздың пікірі толық ескерілгенін атап өткен жөн", - деді сенатор Әли Бектаев.

Кездесу барысында мәслихат депутаттары әлі де өз шешімін талап ететін мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстар айтты. Олардың қатарында облыстың Шардара және Жетісай аудандарында фермерлерді отынмен және тыңайтқыштармен дер кезінде қамтамасыз ету, сондай-ақ сапалы медициналық қызмет көрсету мәселесі бар.

"Мәслихат депутаттары көтеріп отырған мәселелер аса маңызды. Ол фермер үшін де, ауданның барлық тұрғындары үшін де ортақ мәселе. Біз барлық ұсыныстар мен пікірлерді естідік. Алынған ақпарат қосымша зерделеніп, кейіннен депутаттық сауал әзірленетін болады", - деп деді сенатор Әлімжан Құртаев.


Дереккөз: Сенаттың Баспасөз қызметі