Тұрсынхан Зәкенұлы: Шығыс Түркістандағы ұлт -азаттық күрес ел тарихына қатысты академиялық еңбекке енуі керек

Белгілі ғалым қандасымыз тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Зәкенұлы "Қандастар" хабарына қатысып, осындай пікір білдірді. Ол бұл академиялық еңбекте бұрыңғы кеңес заманындағы тарихшылардың зерттеулерінен бөлек, ресей деректерінен басқа, қытай, араб, иран, түркі, европа елдерінен табылған көне қолжазбалардағы тарихымызға қатысты жаңа деректер зерделенген тың ғылыми зерттеулер жан-жақты саралануы тиіс деп есептейді.

"Тарихымызды түгендейтін академиялық кітап асығыс жазылмауы керек, оған ерекше статус беру қажет. Егер қарапайым ғылыми жоба ретінде орындалса, уақыт аздық етеді.",- дейді Тұрсынхан Зәкенұлы.

Сұхбатты бағдарламаның аудионұсқасын тыңдай аласыздар.