Кәсіподақ – еңбек қоғамының қорғаны

Бүгінгідей нарық заманында кез-келген еңбектің өтемі болуы керек. Қоғам назарында тұрған, еңбек қатынастарын реттеудің нақты әрі қажетті тұстарын жан-жақты түсіндірудің маңыздылығы зор. Сондықтан да соңғы жылдары бұл бағытта Кәсіподақтар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Еңбек дауларының алдын алу, жергілікті атқару органдарында еңбек қатынастарына қатысты тұрақты мониторинг жүргізу, өндірістік жарақаттану жағдайларының себептері бойынша жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту, ұжымдық шарттың тиімділігін тиянақтау, үшжақты комиссиялардың жұмысын жетілдіру және басқа да ұсыныстар бүгінде Үкімет тарапынан да қолдау тауып отыр. Олай болса аталған тақырыпты кеңінен талқылау үшін «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Қайрат Жанабековпен сұхтаттасқан едік. 

Сұхбаттың толық нұсқасын төмендегі аудиосілтемеден тыңдай аласыздар.

Хабарды жүргізген Алмас Байдрахман.