Қандас – қазақ руханиятына келген инвестор

"Тәуелсіздікті жаңа алған кезде ел экономикасының түрлі салаларына ​ шетелдік инвестиция тартылды. Ал қандастар қазақтың салт-дәстүріне, ұлттық санасына, руханиятына келген инвесторлар. Алла тағала шетке ауып кеткен, дәстүрін бұзбай сақтап отырған қандастарды елімізге төге салды",-деді «Қандастар» хабарының жүргізушісі Еркін Байғабылұлына сұхбат берген белгілі журналист, "Ақпарат саласының үздігі" Бекен Қайратұлы.

Журналист «Елім деп еңіреп, атамекенін сағынған сырттағы қазақтардың дені 30 жылдың ішінде көшіп келді. Қазір елге көшіп келуге ешқандай кедергі жоқ, тек қана Отаным деп соққан жүрек қана керек», -дейді студия қонағы.

Толық ақпарат хабардың аудионұсқасында.