«Дельта» коронавирусының штаммы әлемнің 74 елінде анықталды

«Коронавирустың бұл штаммы неғұрлым қауіпті, бұл ауруханаға жатқызу мен өлімнің жоғары ықтималдығын тудырады. Сонымен қатар, ол басқа штамдарға қарағанда 60% жұқпалы: орта есеппен бір адамнан 5-6 адам індетті жұқтырады. Өзіңізді қорғаудың және аурудың қаупін азайтудың қарапайым әдісі бар – ол коронавирусқа қарсы егілу. Сондықтан, әрбір қазақстандыққа өз денсаулығына, жақындары мен туыстарының денсаулығына қамқор болуға және қысқа мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруды тағы да ұсынамын! Бүгінгі таңда медициналық ұйымдардағы вакциналар қоры жеткілікті», - деді вице-премьер Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөйлеген сөзінде.

Ол сондай-ақ ақпан айынан бастап елге 7 миллионға жуық вакцина жеткізілгенін хабарлады. Бүгінгі таңда 4,6 млн доза екпе жасалды, оның ішінде 2,8 млн адам 1-компоненпен егілді, бұл вакцинациялауға жататын халықтың 28%, 1,7 млн адам вакцинаның екінші компонентін алды.

Өңірлерде 2,4 млн-нан астам вакцина дозасы бар. Қосымша жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады.