Қырғыз елінің БАҚ өкілдері қара шаңыраққа келді

Бүгін қара шаңырақ-Қазақ радиосына Қырғыз елінің БАҚ өкілдері қонаққа келді. Олар «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Astana» және «Classic» радиоарналарының жұмыс барысы, тікелей эфирге шығу процесі, сондай-ақ, жалпы ұжыммен танысып шықты.

«Пирамида «Медиа-холдингі, «Бесінші арна» жабық акционерлік қоғамының басшылығы және Т.Океев атындағы «Қырғызфильм» ұлттық киностудиясының өкілдерімен болашақта атқарылар жұмыстар легі талқыланды. Қырғыз өкілдері Корпорация мамандарының телеөндірістегі тәжірибесін үйрену мақсатында Қырғыз Республикасына шақырды.