Қазақ радиосы «Urker - 2021» ұлттық сыйлығының арнайы жүлдесімен марапатталды

Үркердің арнайы жүлдесін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның өзі табыстады.  Қазақ даласын ақпаратпен қамтыған тұңғыш радионың ғасырлық тойы қарсаңындағы тамаша тарту болды. 

«Байқаудың арнайы жүлдесін анықтау біз үшін үлкен мәнге ие. Бұл жүлдені алып отырған ұжымның орны бөлек десе де болады. Бір ғасыр бойы халықты үздіксіз ақпаратпен және ұлтымыздың әні мен жырын, мәдениетін халыққа жеткізіп отырған еліміздің бас радиосы – «Қазақ радиосына» беріледі. Қазақ радиосы ұжымын шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің радиосы мыңжылдықтар бойы қазақтың үнін жеткізе берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы.

Еске салайық, елордадағы Қазмедиа орталығында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.