Президент "Қазақ радиолары" ұжымына алғыс жариялады

Бүгін Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын беру және алғысын жариялау рәсімі өтті. 


«Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына ұлттық радио саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысы жарияланды. 

Тағы бір айта кетерлігі, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойы аясында, радио құрылған 1 қазан күнін Радио қызметкерлерінің күні деп жариялауды қолдайтынын жеткізді.

Бұл ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосына, оның тыңдаушыларына деген құрметі деп білеміз.