Президент вакцинация паспортын қолдан жасайтындарға қатаң жаза қолдануды тапсырды


«Иммундау процесін тежейтін тағы бір өзекті мәселе – жалған вакцинация паспорты. Мұндай әрекеттерді тез арада тоқтату маңызды. Вакцинация төлқұжатын қолдан жасауға жол берген адамдарға қатаң жаза қолдануды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені кеңейтілген отырыста көтергенін, мәселе ұлттық қауіпсіздікпен байланысты екенін атап өтті.