QazVac вакцинасын ДДСҰ-да тіркеуді жеделдету керек – Президент

Президент Үкіметке коронавирусқа қарсы отандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдетуді тапсырды.

«Отандық QazVac вакцинасы қыркүйекте өнеркәсіптік деңгейде шығарылатынын есепке ала отырып, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдету керек. Бұл – Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің жұмысы», - деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ресейлік «Спутник лайт» вакцинасын елге жеткізу және оны Қазақстанда шығару мәселелерін пысықтау қажет екенін айтты.