«Новая волна-2021» Халықаралық байқауында Димаш Құдайберген қазылық етеді

Димаш Құдайберген 19-25 тамыз аралығында Сочи қаласында өтетін «Новая волна-2021» Халықаралық жас орындаушылар байқауында қазылық етеді.

Ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Димаш Құдайберген «Новая волна-2021» байқауының ашылу құрметіне арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, конкурстың үшінші күні өтетін премьер концертке, шараның жабылу концертіне қатысады.

Байқауда Қазақстан, Аустралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Нидерланд және Ресей сияқты 10 елдің жас орындаушылары бақ сынайды.

Қазақстан атынан бұл өнер сайысына Mezzo тобы қатысады.