Қазақстанда 5 009 408 адам коронавирусқа қарсы вакцина алып үлгерді

Бұл туралы «Басты тақырып» хабарында ҚР ДСМ Санитарлық эпидемиологиялық бақылау коммтетінің жұртшылықпен байланыс және БАҚ-пен жұмыс бөлімінің баспасөз хатшысы Ауғанбек Манарбекұлы мәлімдеді. 

Оның айтуынша, 2021 жылғы 21 шілдедегі мәліметке сәйкес Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1- компонентін 5 009 408 адам, 2- компонентін 2 992 214 адам салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 708 жағдай тіркелді. Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 509 998-ге жетті.

толығырақ хабардың аудионұсқасында.